КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ДҮБІРЛІ ЖАРЫС
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің базасында Абай облысының Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінің кәсіподақ мүшелері арасында дәстүрлі ХІІ спартакиадасы аясында волейболдан дүбірлі жарыс өтті.
Шараның басты мақсаты – кәсіподақ мүшелері арасында ұжымдық ауызбіршілікті нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыстың ашылу салтанатында Ақсуат аудандық білім бөлімінің бас маманы Е.Жағыпаров және Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Ахметқалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнир барысында әр білім беру мекемелерінен келген 14 команда жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орынды – С.Сейфуллин атындағы орта мектебі ұжымы иеленді.
ІІ орынды – Би Боианбай атындағы орта мектебі ұжымы қанжығасына байлады;
ІІІ орын – С.Сәтпаев атындағы орта мектебі командасына бұйырды.
ІV орын - ынталандыру сыйлығына Тоғас батыр атындағы орта мектебі ұжымы ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сонымен қатар ерекше ойындарымен тәнтті еткен мекеме басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары аудандық кәсіподақ ұйымының арнайы грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Ақсуат аудандық кәсіподақ комитеті, Абай облысы
-
Фотографии
-