ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 1 сәуір күні Исатай ауданының Өнер мектебінің базасында аудандық білім беру ұйымдарының басшылары, техникалық инспекторлары және іс-қағаз жүргізуші мамандарына «Білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру, ұжымдық шарттарды жасақтау» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарды облыстық бірлестік төрағасы Аққали Ахмет ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша маман Халидолла Тайпанов еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бақылау тетіктері, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері жөнінде мазмұнды баяндама жасады.
Сонымен қатар семинар жұмысына Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы Самал Үбіғалиева қатысып, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын рәсімдеу тәртібі туралы кеңінен түсіндірді. Ол ауыр және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстардың тізбесі, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы, жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысы мен еңбекақының жоғарлатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістер, кәсіптер мен лауазымдар жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарға да тоқталып өтті.
Семинарға қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға кәсіподақ заңгері Юлия Айбусынова жан - жақты жауап берді.
Семинар жұмысына 115 кәсіподақ мүшесі қатысты. Көптеген түйінді мәселелер айтылып, қатысушылар ризашылықтарын білдірді.
Атырау облыстық ұйымы
-
Фотографии
-