ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - БАСТЫ НАЗАРДА
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының заңгерлері Александр Алимпиев, Нұрлан Жетпісбай және Лаура Амирова Шығармашылық академиясында ұжым мүшелерімен кездесті. Сонымен қатар «Еңбек даулары, олардың туындау себептері және келісім комиссиясында қарау тәртібі. Ұжымдық шарт. Еңбек қауіпсіздігі – басты мүдде» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың басты мақсаты — кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіру, ұжымдық шарт пен келісім комиссиясының жұмыс тәртібі туралы жан-жақты ақпарат беру болды.
Кездесу барысында кәсіподақ өкілдері еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау жолдарын түсіндіріп, еңбек дауларының негізгі себептеріне тоқталды. Сондай-ақ келісім комиссиясының қызметі мен тәртібі, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі, келіссөз жүргізу мәдениеті және дауларды жанжалсыз шешу жолдары талқыланды.
Кәсіподақ заңгерлері ұжымдық шарт міндеттемелерінің орындалуын түсіндіріп, қызметкерлердің жүктемесіне байланысты еңбекақы, үстемеақы және жәрдемақыларды төлеу тәртібі туралы кеңестер берді. Жұмысшылар мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Ұжым мүшелері өз кезегінде сұрақтарын қойып, нақты жағдайларға қатысты кеңестер алды.
Семинардан кейін облыстық кәсіподақ ұйымының өкілдері қоғамдық бақылау жүргізді. Бақылау барысында еңбек қатынастарына қатысты ішкі құжаттар сараланып, әдістемелік көмек берілді.
Нәтижесінде кездесудің ұжым мүшелері үшін құқықтық сауаттылықты арттыруға, еңбек қатынастарының заңдылығын қамтамасыз етуге және келіспеушіліктерді тиімді жолмен шешуге бағытталған маңызды ақпараттық алаң болғаны айтылды.
-
Фотографии
-