ҰСТАЗ ЕРЛІГІ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің Соловьёво орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы – Сеитов Рулан Тельманұлы өрт кезінде адам өміріне төнген қауіпке қарамастан батылдық пен азаматтық жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп, екі жасөспірім мен қарт адамды құтқарғаны үшін облыстық кәсіподақ ұйымы Алғыс хатпен және сыйақымен марапаттады.
Рулан Тельманұлының адам өмірін бәрінен жоғары қоятын қайсарлығы, батылдығы және жедел әрі жанқиярлық әрекеті - нағыз ұстазға тән парасаттылық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі.
Адам өмірін сақтап қалуға бағытталған бұл игі ісі қоғамға үлгі болып, жас ұрпаққа ерлік пен жанашырлықтың мәнін айқын көрсетеді.
Ұстазға зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне толағай табыс тілейміз. қоғам игілігі жолында абыройлы қызметі әрдайым табысты болып, осындай ізгі істері жалғасын таба берсін!