БАСТАУЫШ МҰҒАЛІМДЕРІ БАЙҚАУДА БАҚ СЫНАДЫ
Ақтөбеде Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.
Олимпиаданың басты мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің математиканы оқытудағы кәсіби шеберлігін жетілдіру, сондай-ақ оқушылардың математикалық дайындығының сапасын арттыру.
Іс-шара барысында аудан мектептерінен құралған 11 команда өзара бақ сынап, қатысушылар кәсіби шеберліктері мен математиканы оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерін көрсете білді.
Нәтижесінде бас жүлдені Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің “Интеллект PRO” командасы иеленді. Бірінші орын Қарауылкелді орта мектебінің “Зерде” командасына бұйырса, екінші орынды Сағыз орта мектебінің “Ұлағат” командасы еншіледі. Ал үшінші орын Жарқамыс және Қаражар орта мектептерінің “Жүйрік” командасына табысталды.
Жекелей есеп бойынша да үздіктер анықталды. Бас жүлде Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп мұғалімі Лиза Қалдыбаеваға берілді. Бірінші орын Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі Лаура Сәрсеноваға табысталды. Екінші орынды Қопа орта мектебінен Жангүл Сарина мен Сағыз орта мектебінен Шамбай Балзада иеленді. Үшінші орын Бұлақтықөл орта мектебінің мұғалімдері Мирамгүл Тәжігутова мен Қарлығаш Мұстафинаға, сондай-ақ Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Венера Базарбаеваға бұйырды.
Іс-шара барысында жүлдегерлер облыстық кезеңге жолдама алып, жеңімпаздар шипажайға және тарихи-танымдық саяхатқа арналған сертификаттармен марапатталды.
-
Фотографии
-