КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА ҚАДАМ
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Стресске төзімділік және кәсіби күйіп кетудің алдын алу. Уақытты тиімді басқару және прокрастинация» тақырыбында мазмұнды тренинг өтті.
Іс-шара «Турист» қонақ үйінің конференц-залында ұйымдастырылып, оған Тараз қалалық, барлық аудандар мен Біріккен кәсіподақ комитеті филиалдардың құқықтық инспекторлары, есепші-мамандары, аппарат пен құрылымдық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ білім мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Тренинг спикері PhD доктор, адами ресурстарды басқару жөніндегі сарапшы Гүлзи Нәби қатысушыларға стресске төзімділікті арттыру, кәсіби күйіп кетудің алдын алу, уақытты тиімді басқару және прокрастинацияны жеңу жолдары бойынша практикалық бағытта пайдалы ақпараттар ұсынды.
Бағдарлама аясында тимбилдинг, топтық және жеке жұмыстар, брейнсторминг, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, қатысушылар өз дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Кофе-брейк пен бейресми пікір алмасу қатысушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.
Семинар-тренинг тек білім алаңы ғана емес, тәжірибе бөлісіп, жаңа идеялармен шабыттанатын орта болды. Қорытындысында барлық қатысушылар сертификатқа ие болды.
Жамбыл облыстық ұйымы.
-
Фотографии
-