ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
🖇️Ұстаз – ұрпақ тәрбиесіне жауапты, әр баланың қабілетін танып, оны дамытуға жол ашатын тұлға. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген Журтканов Бекет Мәлікұлы – өз ісіне адал, тәжірибелі педагог.
▫️Ол 1981 жылы 30 маусымда Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1999 жылы Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы №3 Хромтау орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі ретінде бастады. Ұстаздық жолдағы жауапкершілігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында әр жылдары түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Атап айтқанда, 2008-2010 жылдары Құдықсай орта мектебінің директоры болса, 2010-2013 жылдары Құдықсай ауылдық округінде әкімдік қызметте еңбек етті. 2013-2016 жылдары Ақтөбе облысындағы Есет батыр атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың директоры қызметін абыроймен атқарды. 2018 жылы Абай орта мектебіне директор болып тағайындалып, кейін №4 Хромтау орта мектебінде басшылық қызметін жалғастырды. 2021 жылы №74 Ақтөбе орта мектебінде де жетекшілік етті. Ал 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін №5 Хромтау гимназиясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде шәкірт тәрбиелеп келеді.
🔸Бекет Журтканов оқушыларды спортқа баулып қана қоймай, олардың түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуына жол ашып, жоғары нәтижелерге жетуіне ықпал етіп келеді. Оның жетекшілігімен шәкірттері аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп жүр. Атап айтқанда, 2024 жылы Ұлттық мектеп лигасының гандбол жарысында 5-6 сынып оқушылары арасында командасы облыстық кезеңде І орын иеленді. Сол сияқты 2024-2025 оқу жылында «Альжан» лигасының баскетбол жарысында 7-8 сынып оқушылары І орынды жеңіп алды. Ал, 2026 жылы гандболдан өткен Ұлттық мектеп лигасында 9-11 сынып қыздар командасы І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды.
⚜️Бекет Журткановтың еңбегі елеусіз қалған емес. Ол аудандық білім бөлімінің, аудан әкімінің және облыстық білім басқармасының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталған. Өз ісіне адал, шәкірт тәрбиесіне жанашыр ұстаздың еңбегі жас ұрпақтың жарқын болашағына қосылған үлкен үлес.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-