КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ
📑Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдері “Қалың қалай, бастауыш?” жобасы аясында «Ақбота» арнайы балабақшасында болып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына құқықтық және әдістемелік қолдау көрсетті. Негізгі мақсат – олардың жұмысын жетілдіру және еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу.
📃Кездесу барысында Айжарық Серімбетов, Нұрлан Жетпісбай және Лаура Амирова ұйым құжаттамаларын зерделеп, оларды жүргізу тәртібі бойынша ұсыныстар берді. Сондай-ақ кәсіподақ қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған кеңестер ұсынылды.
📑Қоғамдық бақылау аясында еңбек қатынастарына қатысты құжаттар, ұжымдық шарттың орындалуы және қызметкерлердің құқықтарының сақталуы қарастырылды.
📜Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерімен ашық кездесу өтіп, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша құқықтық түсіндірмелер берілді.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-