БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
🔰Ақтөбе облысы Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Мұрат Жамаладин «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» жобасы аясында аудан көлеміндегі бірқатар білім беру ұйымдарында болды.
✅Аталған жоба шеңберінде ол Т.Айбергенов атындағы орта мектебінің, С.Жиенбаев атындағы орта мектебінің, “Миялы” бөбекжай балабақшасының және “Оймауыт”бөбекжай балабақшасының ұжымдарымен кездесіп, кәсіподақ мүшелерінің толғандырған сұрақтарына жауап берді.
✔️Кездесу барысында қызметкерлердің еңбек жағдайлары, әлеуметтік мәселелері, құқықтарының сақталуы және кәсіподақ жұмысының тиімділігі талқыланды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында қоғамдық бақылау жүргізіліп, еңбек заңнамасының орындалуына назар аударылды.
▫️Мұндай кездесулер кәсіподақ пен қызметкерлер арасындағы байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді дер кезінде анықтауға және олардың шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-