ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
✅Білім беру саласына жаңа серпін беріп, жас та болса білімі мен біліктілігін ұштастыра білген ұстаздар – бүгінгі қоғамның ең үлкен құндылығы. Осындай талапшыл да талантты жас мамандардың бірі –Аяжан Алғақызы.
📑Аяжан Алғақызы 2001 жылдың 25 ақпанында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құтикөл ауылында дүниеге келген. Білімге деген құштарлығы мектеп қабырғасынан-ақ айқын байқалған жас ұстаз Т.Шонанұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 2005–2017 жылдар аралығында білім алып, «Алтын белгі» иегері атанды.
📖20217-2021 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін үздік тәмамдап, қызыл диплом иегері болды. Мамандығы – математика пәні мұғалімі.
☑️Еңбек жолын 2021 жылы бастап, қазіргі таңда Хромтау ауданының Дөң мектеп-гимназиясында математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Қысқа уақыт ішінде өзінің кәсіби шеберлігін дәлелдеп, елеулі жетістіктерге қол жеткізді.
📄Жас ұстаздың жетістіктері – оның табандылығы мен ізденімпаздығының айқын көрінісі. Атап айтқанда, 2025 жылы «ПолиМат» республикалық эвристикалық онлайн марафонында І орын иеленсе, 2024 жылы облыстық педагогикалық конкурста ІІІ орынға ие болды. 2026 жылы республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық және облыстық кезеңдерінде І орын алып, республикалық кезеңінде грамота иеленді. Сонымен қатар, «Білікті ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында І орын, аудандық «Математикалық прогрессия» олимпиадасында ІІІ орын алды.
📜Одан бөлек, 2023 жылы «Дарындының даралығын шыңдау» облыстық конференциясында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін “Ақтөбе-Дарын” орталығының Алғыс хатына ие болды. Сол жылы «Табысты мектеп – командалық жұмыс нәтижесі» облыстық семинарында тәжірибе алмасып, Педагогикалық шеберлік орталығының Алғыс хатын алды. Ал, 2022 жылы «Білікті ұстаз – болашақ кепілі» педагогикалық олимпиадасында ІІ орын иеленді.
🧩Аяжан Алғақызы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жаңашылдыққа ұмтылатын, шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен жас маман.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-