ҰЛЫ ҰСТАЗДАР ЕСІМІ НАСИХАТТАЛУДА
Еліміздің халық ағарту саласында ұлғатты із қалдырған КСРО Халық мұғалімдері Құсиын Айтқалиев пен Құмаш Нұрғалиевтың есімдері ешуақытта ұмтылмақ емес. Түрік ғалымы Жалалладин Румидің: «Жақсы адамның қабірін жердің бетінен іздемеңдер, ол өзінің туған халқының жүрегіне жерленеді» деген сөзі нақ осы тұста айтылғандай болып көрінеді.
Ұлы ұстаздардың педагогика саласына қосқан асыл мұраларын кеңінен насихаттауды «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Қылышбай Сүндетұлы мақсат етіп, өткен жылдың 25 қарашасы күні, Анталия қаласында Türk Eğitim-Sen Түркия білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының және UEASEB-тің ұйымдастыруымен IV Түркі әлемінің білім және әлеуметтік ғылымдар бойынша халықаралық конгресінде «Қазақстандағы халық ағарту саласындағы ұлы тұлғалар» атты тақырыбында баяндама жасаған болса, жуырда Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Өзбекстан Журналистика және қоғамдық коммуникациялар университеті ұйымдастырған «БАҚ-тағы тіл мен стиль мәселесі: талдау, жіктеу, салыстыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағына аталған мақаласы енді.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі.