ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің Талдықорған қалалық филиалының ІІІ Конференциясы өтті.
Оқушылар сарайында өткен алқалы жиынға 35 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қатысты.
Жиынды Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Мэлс Төлепбергенов ашып, филиалдың жұмысын қорытындылап, Конференцияның жұмысшы органдарын сайлауды ұсынды. Мандат, санақ, редакциялық комиссияның құрамы мен хатшыны сайлап, күн тәртібіндегі мәселені таныстырды. Жұмыс регламентін бекітті.
Талдықорған қалалық филиалының төраға лауазымына Айым Ерікқызының кандидатурасын ұсынды. Білім саласында жұмыс істеп, басшылық лауазымға дейін қызмет атқарған Айым Ерікқызының кандидатурасын бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қолдап, бірауыздан сайлады.
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және
жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу»
жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі