МҰНАЙЛЫДА ЖАҢА БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
Маңғыстау облысының, Мұнайлы ауданында жаңадан ашылған №16 жалпы білім беретін мектепте Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының төрағасы Т.Баймбетова мен Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымы филиалының төрағасы Р.Текеева ұжым қызметкерлерімен кездесті. Ұжымда 160 қызметкер жұмыс істейді.
Кездесу барысында ұжымға кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары, еңбек заңдылықтары, ұжымдық шарттың жасалу шарттары, 2021 – 2023 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы облыстық келісім, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы және кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін жеңілдіктер мен қайырымдылық көмек түрлері туралы түсіндірді.
Облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасы Тарбия Баймбетова мектеп ұжымына кәсіподақ күшінің маңыздылығын, ұстаздың қоғамдағы атқаратын рөлі туралы ақпаратпен бөлісіп, ҚР заңнамаларында болып жатқан өзгерістермен таныстырып, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кәсіподақ белсенділері бастауыш кәсіподақ ұйымының алдағы тұрған мақсаттары мен міндеттері туралы өз ойларын ортаға салды.
Бастауыш ұйымның жаңадан құрылуы кәсіподаққа деген сенімнің арта түскенін көрсетеді.
Ұжымды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымы филиалының қаражатынан кәсіподақ мүшелеріне тәтті сыйлықтар табысталды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облысы төраға Т.Баймбетова мен Мұнайлы аудандық кәсіподақ төрайымы Р.Текееваға ұжым мүшелері мереке қарсаңындағы жақсы көңіл-күй мен тосын сый үшін алғыс білдірді.
Мұнайлы аудандық филиалы,
Маңғыстау облысы.