КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ КӨТЕРУ
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні Ақтау қаласы білім бөлімінің №34 «Болашақ» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Ибрагимованың ұсынысы негізінде ұжым қызметкерлерімен кездесу жиыны ұйымдастырылды.
Ұжым қызметкерлерімен кездесудегі басты мақсат – еңбекақы төлемі және еңбек қатынасына байланысты мәселерді шешу және кәсіподақ ұйымының негізгі міндетін айқындап, кәсіподақ мүшелерінің сауалдарына жауап беру. Осы мақсатта ұжым қызметкерлеріне еңбекақы төлеміне байланысты нормативтік құжаттар және оны қолдану, есептеу барысы бойынша түсінік жұмысын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің құқық қорғау жөніндегі бас маманы Н.Храмова практикалық іс-әрекет арқылы көрсетіп берді.
Қорытындысында, әр қызметкердің еңбекақы көлемі ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, ұйымдар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттеріне қарай, есептелетіндігіне толық ақпарат берілді.
Еңбек қатынасына байланысты туындаған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Кәсіподақ ұйымы тарапынан еңбек қатынасына байланысты мәселелерді шешуде дайын екендігін жеткізді. Жиын соңында ұжым қызметкерлері кәсіподақ мамандарына құқықтық сауаттылық пен маңызды ақпараттар алғаны үшін алғыстарын білдірді.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалы