ЖАСТАР КЕҢЕСІ ЖАҢА ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның негізінде еліміздің жастардың түрлі қоғамдық ұйымдары белсенді жұмыс істейді. Солардың бірі – білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жанынан құрылған Жастар кеңесі.
Бүгін аталмыш кеңестің алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту мақсатында Жастар кеңесінің мүшелері онлайн форматта жүздесті. Жастар кеңесінің төрағасы Бейішов Рустем жыл бойына республика көлемінде атқарылатын шаралар негізінде әзірленген Кеңестің жобасымен таныстырды.
Әр облыстағы Жастар кеңесінің төрағалары мен белсенділері жоспардың жобасына өз ұсыныстарын қосып, өңірлеріндегі атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
Сонымен қатар Салалық кәсіподақ ұйымының бөлім басшысы Ернар Иманбай жас ұстаздарға арналған республикалық жазғы лагерьдің форматы жөнінде әңгімелеп, оған кәсіподақ қозғалысын белсенді дамытуға жоғары үлес қосып жүрген жастардың қатысуы керектігін атап өтті.