ПІКІР АЛАҢЫНДА – ЖАСТАР!
Дүние көшіне қазақ дейтін іргелі, текті жұрттың тәуелсіздік туын тігіп, егемен ел атанып, өзге елдермен иық теңестіре, қатарласа қадам басу жолында ұлтымыздың ұпайы түгел болуы үшін жастар мәселесіне көңіл қойып, назар тіктеп, зер сала қарайтын болдық. Бұл қоғамдағы жастардың орнын анықтауға, оларға қолдау білдіруге жол ашты.
Қазіргі уақытта мемлекеттік мекемеден бөлек, қоғамдық бірлестіктерде жастардың арасында түрлі шаралар өткізіп келеді. Осындай бастаманың бірін облыстық кәсіподақтар орталығы, Жетісу облыстық білім басқарамасы, Оқу – ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы, «Жастар Рухы» ЖҚ Жетісу облыстық филиалы, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Терең тарихтан-жарқын болашаққа!» атты тақырыпта жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.
Шараның мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, жастар арасында креативтілік, коммуникативтілік, командада жұмыс істей білу, сыни ойлау, ораторлық қасиеттерін, шешендік өнерді дамыту және көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өз ойын жетік және дәлелдей білетін талантты жастарды анықтау болып табылды.
Турнирді Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры А. Джумадилов ашып, Оқу-ағарту министрлігінің «Дебат» бағдарламасының халықаралық тренері Г.Ахметова, «Жетісу облысының білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері М.Кулшановалар шараның ережесімен таныстырып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған пікірсайысқа білім ордаларынан 17 команда қатысып, өткені мен бүгінін, келешегін бағамдап, тарихтан сыр шертті. Тапқырлықтарын, көзқарастырын, ой-пікірлерін ортаға салып, көпшілік алдында өз ұстанымдарын білдірді.
Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлеп, ұйқыр ойды айта білген Zhansugurov college бірінші орынды иеленді. ІІ орынды 125 High school Taldyqorgan, ІІІ орынды Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі иеленді.
Жеңімпаздарға Оқу – ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Оқу – ағарту, бюджеттік ұйымдар,
ғылым және жоғары білім
қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті
кәсіподағының баспасөз қызметі