БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАУҚАНДЫ БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАДЫ
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ құрамындағы 12 аудандық және Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалдарының Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы бекітілген жоспарларына сәйкес, өз бастауыш кәсіподақ ұйымдарында әр – түрлі іс– шаралар ұйымдастырып, өткізді (дөңгелек үстелдер, сауалнама, флешмоб, челендж, театрланған қойылымдар мен пікір – талас алаңдары, тренингтер).
2022 жылдың 2 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымында «Бірігіңдер! Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық – зомбылықты тоқтатуға белсенділік» ұранымен «Гендерлік зорлық – зомбылыққа қарсы белсенді әрекеттің 16 күні» Халықаралық кампанияның жыл сайынғы акциясы аясында, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының мүшелерінің қатысуымен зум платформасы арқылы дөңгелек үстел өткізілді.
Арнайы шақырылған БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Диляра Махмудова және Тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының заңгері Мариэтта Даулетярова, «Сенімен Болашақ» республикалық ата – аналар қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша Филиалының директоры Шынаргуль Арыстановалар дөңгелек үстелдің бағдарламасы бойынша өз баяндамаларын жасады.
Білім саласының Батыс Қазақстан облыстық кәсіподағының бас маманы, Еңбекші әйелдер істері жөніндегі БҚО білім және ғылым қызметкерлері комиссиясының үйлестірушісі (координатор) Марина Темірғалиева алғы сөз сөйлеп, акцияға қатысты ақпаратпен таныстырды.
Дөңгелек үстел барысында «Гендерлік зорлық – зомбылыққа қарсы белсенді әрекеттің 16 күні» халықаралық акциясына қатысты Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымдарында өткізілген шаралардан күнделік дайындалып, видеоролик көрсетілді.
Модератор Жаннат Нұрахметова акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық – зомбылық туралы кеңінен ақпараттандыру, отбасындағы зорлық– зомбылықтың алдын – алу және жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы дөңгелек үстелдің жұмысын қорытындылады.
Батыс Қазақстан облыстық ұйымы