ҰСТАЗДАР СПОРТ АЛАҢЫНДА СЫНҒА ТҮСТІ
Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында облыстық спартакиада өтті.
Атырау облысы Білім беру басқармасы Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының жоспарына сәйкес Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағымен бірлесе отырып 21-28 қараша күндері аралығында кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында спорттың 6 түрінен футзал, волейбол, стритбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ләңгі тебуден облыстық спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Облыстық спартакиада жыл сайын дәстүрлі түрде оқытушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салаутты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спартакиада жеңімпаздары 2023 жылы өтетін Республикалық кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында өтетін спартакиадада облыс намысын қорғайды.
Облыстық спартакиадаға барлығы 13 команда қатысып 450-ге жуық педагог қатысты. Спартакиаданың жабылу салтанатына облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнара Манапқызы қатысып жеңімпаз командаларға облыстық білім беру басқармасының арнайы кубогы және дипломымен марпаттады және Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы қатысып 1 орын алған командаға 100 мың, 2 орын 75 мың, 3 орын 50 мың теңгелік сертификаттармен марапаттады. Жарыс қортындысы бойынша жалпы командалық есепте:
1 орынды алған АПЕК Петро Техник жоғарғы колледж командасы;
2 орынды Атырау энергетика және құрлыс колледж командасы;
3 орынды Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғарғы колледжінің командасы иеленді.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі