КӘСІПОДАҚ – СЕНІМДІ ҚОРҒАУ
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Т.А.Баймбетова мен Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Еңсегенова Ақтау қаласындағы жаңадан ашылған №30 жалпы білім беру мектебінің ұжымымен кездесті. Кездесудің мақсаты - кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, түсініктемелер беру..
Кездесу барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Тәрбия Анайбекқызы ұжымдық шартты кеңінен талқылап, кәсіподақтың заңы және жарғылық құжаттарымен көзделген жұмыс бағыттарына және кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар туралы, мүдделері қорғалған еңбек адамдары және бүгінгі таңдағы ұжымдық шарттың маңыздылығы мен орындалысына байланысты бірқатар түсініктемелер берді.
Кездесу барысында К.Енсегенова мектеп директоры Еркін Бекболат Еркінұлына және ұжым қызметкерлеріне жаңа мектеп, жаңа бастама ел болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі еңбектеріне шығармашылық табыстар, ауызбіршілік пен ынтымақтастықта жетістіктерге жетуге тілектестігін білдірді.
Мектеп директоры Еркін Бекболат кәсіподақ ұйымын қолдап, осы уақыт аралығына дейінгі кәсіподақ тарапынан өткізілген іс-шаралар, еңбек қызметкерлерінің мүдделерін қорғаудағы қызметін құптай отырып, ұжымның бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, мүшелік санын арттыру мақсатында кәсіподақ ұйымын қолдайтындығын және ұжымдық шарт-кәсіподақ мүддесінде қызмет жасайтынын атап өтті.
Мұғалімдер тарапынан ашық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Жиын соңында ұжым қызметкерлері құқықтық сауаттылық пен маңызды ақпараттар алғаны үшін алғыстарын айта келе, кәсіподақ ұйымы - қолдаушы, қорғаушы күш екендігіне көз жеткізіп, кәсіподақ ұйымының жұмысына сәттілік, толағай табыстар тілеп, кәсіподақ ұйымын құрып, кәсіподақ мүшелігіне кіруге өз ұсыныстарын білдірді.
Салалық кәсіподақтың Ақтау қалалық филиалы