КӘСІПОДАҚ – ҰЖЫМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы №8 жалпы білім беретін мектепте кәсіподақ төрайымы Қызжібек Нәубетова қызметкерлер алдында 2019-2022 жылдар аралығында атқарылған жұмыстарының есебін берді. 2022 жыл сан алуан оқиғаларға толы болды, қиындықтар туындады, бірақ олар кәсіподақ мүшелерінің бірлескен іс-әрекетімен еңсерілді.
Осы жылдар аралығындағы кірістер мен шығыстардың есебін жаңа технология үлгісінде слайд түрінде мектеп ұжымының алдында көрсетті. Мектеп қызметкерлеріне кәсіподақ ұйымының жылдық жоспарына сәйкес жұмыстар және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ішкі, сыртқы еңбек қатынастары, еңбекақы жүйесі, әлеуметтік жағдайларға байланысты бірқатар жұмыстар өз деңгейінде орындалғанын атап айтты.
Қазіргі таңда қызметкерлер тарапынан «Кәсіподақ не үшін керек?», «Бізге не беріп жатыр?», деген сұрақтар бірінші кезекте қойылады. Бұл ретте әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтың рөлі түсіндіріліп, еңбекті қорғау департементімен бекітілген ұжымдық шарттың мәні, ал оның орындалысын қадағалап отыру бастауыш кәсіподақ ұйымының құзырында болуы тиістігі атап өтілді.
Ұстаздар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптарын алды. Кездесу соңында әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымының басты міндеті кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау екендігі баса айтылды.
«Кәсіподақ ұйымы ұжымның қозғаушы күші. Облыстық, қалалық кәсіподақ өкілдері ұжым қызметкерлерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер беріліп, әріптестерге құқықтық қолдау көрсетілуде. Осы орайда ұжым үшін атқарылып жатқан іс-шаралардың барлығы оң нәтиже беріп, кәсіподақ беделі арта берсін», – деді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Наубетова.
А.Ақсақова,
Мұнайлы ауданы, №8 жалпы білім беретін мектептің кәсіподақ ұйымының мүшесі.
Маңғыстау облысы.