КӘСІПОДАҚ - ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалының «КӘСІПОДАҚ - ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты кәсіподақ қозғалысының дамуына өз үлесін қосып, белсенділік танытып жүрген кәсіподақ мүшелерін марапаттау. Мерекелік іс-шара қазан айының бірінші аптасында өткен «Ұстаздар күні», 6-қазан халықаралық есепшілер күні және 10-қазан Қазақстан Кәсіподақтары күні мерекесімен құттықтап,мерекелік ән-шашумен басталды.
Мерекелік шараға кәсіподақ қозғалысының дамуына белсенділік танытып жүрген кәсіподақ көшбасшылары мен белсенді әлеуметтік әріптестер,сондай-ақ есепшілер мен Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары арнайы шақырылды.
Мерекелік шараның 1-бөлімінде «Кәсіподақ-тынысы» туралы бейнефильмдер көрсетілді және бірінші бөлімнің соңында кәсіподақ көшбасшылары, белсенді мүшелері, әлеуметтік әріптестер мен кәсіподақ ұйымының ардагерлері марапатталып, сыйлық сертификаттар табысталды.
Шараның екінші бөлімі «Семинар-практикум» (бастауыш ұйым төрайымдарымен) іс-тәжірибе алмасу, үйрету мақсатында жоспарға сай өткізілді.
Мерекелік кеш соңында қызметкерлерге еркіндік беріп, еңбексүйгіш, өз ісінің маманы болуға жағдай жасау «Ақтау қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұранына айналғандығын айта келе, Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы К.Енсегеноваға жылы лебізін білдірді.
Кеш соңында қатысушылармен бірге кәсіподақ гимні айтылды.
Ж.Сарбалиева,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №43 «Батыр» бөбекжайының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.