МЕРЕЙІМІЗДІ ӨСІРГЕН МЕРЕКЕ
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалы мен Ақтау қалалық білім бөлімінің ұстаздар күні мерекесіне орай ұйымдастырған «Ұстазыма ыстық ықыласпен» тақырыбындағы мерекелік шарасы өте жоғары деңгейде аталып өтті.
Мерекелік шара Ахмет Байтұрсыновтың ұстаздарға арналған монологымен басталып, соңы қала мектептерінің ер азаматтарының хор ұжымы Қ.Мырзалиев пен Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
Шара барысында, білім саласына еңбегі сіңген және жетістігі мол жеңімпаз ұстаздар Ақтау қаласы әкімінің және Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының Ақтау қалалық филиалының төрайымы К.Еңсегенова ұстаздар қауымын және білім беру жолына саналы ғұмырын арнаған ардагер ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтай келе, ардагер ұстаздарға сыйлықтар, ал белсенді кәсіподақ мүшелеріне сыйлықтарын табыстады.
Жиын соңында ардагер ұстаздар жылы лебіздері мен алғысын білдірді.
Д.Жұмалабаева,
Ақтау қаласы,С.Қондыбай атындағы
№22мектеп-гимназиясының мұғалімі.