ТҮПҚАРАҒАНДЫҚ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
2022 жылдың 3 қазан күні ұстаздар мерекесіне орай Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында «Ұстазыма ыстық ықыласпен…!» тақырыбында салтанатты шара өтті.
Шараға ауданның білім саласының педагог қызметкерлері мен ұстаздық жолда еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагер ұстаздар, аудан әкімінің орынбасары Т.Алтынғалиев, Маңғыстау облысының білім басқармасының бөлім басшысы К.Кулатаева, «Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Т. Баймбетова және құқықтық қызметтер бойынша бас маманы Н.Храмова қатысты.
Шарада 2021-2022 оқу жылында жетістікке жеткен жалпы 110 мұғалім марапатталды.
Оларға Маңғыстау облысы әкімінің, Түпқараған ауданы әкімінің Алғыс хаты, Оқу – ағарту министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, сондай-ақ Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының марапаты 11 ардагер ұстазға, 25 мұғалімге кәсіподақ ұйымының сертификаттары берілді.
Салтанатты кеш мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.
С.Тулеева,
Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Маңғыстау облыстық ұйымы ҚБ-нің, Түпқараған аудандық филиалының төрайымы.