«ҰСТАЗЫМА ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН ...!»
Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттердің білім нәрімен сусындатып,тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Осы орайда, бүгін Қарақия аудандық Мәдениет үйінде ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстазыма ыстық ықыласпен...!» салтанатты мерекелік шара өтті.
Шараға аудан әкімі Қ. Беков, аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.Қалаубай, ардагер ұстаздар, аудандық білім беру саласының басшылары мен мұғалімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымын аудан әкімі Беков Қыдырберді Әндірұлы, ардагер ұстаз Түркменбаева Жансұлу Сүйінбайқызы, облыстық білім басқармасының бала құқықтарын қорғау, арнайы және инклюзивті білім бөлімінің басшысы Байдуллаева Шынар Аманғалиқызы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыру жұмыстары бойынша маманы Аманиязова Асылтас Базарбайқызы құттықтап, мерекелік лебіздерін білдірді.
Өскелең ұрпаққа білім берудегі және тәрбиелеудегі жетістіктері үшін аудан әкімі атынан білім саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін ардагер ұстаздарымызға алғыс және сый-сыяпаттар табысталды.
Ел дамуына зор үлесін қосып жүрген бірқатар аудан ұстаздарына ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің Алғысы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Алғысы, Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының марапаттары табысталды.
Мерекелік шара ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама мен от шашуға ұласты.
А.Адыева,
Қарақия ауданы, №3 жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Маңғыстау облысы.