БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫСТЫ
1 - қазан күні Ақтау қаласында Білім инновация лицейі спорт залында Мұғалімдер күні мерекесіне арналған Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында волейбол жарысы өтті.
Жарысқа 10 команда, 80 қызметкер қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 3- орынды Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі, 2- орынды облыстық оқу әдістемелік орталығы, чемпиондық атаққа Түпқараған ауданы білім бөлімінің командасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздары және жүлдегер командалар Білім басқармасының диплом, кубок және медальдармен марапатталды.
Сонымен қатар Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің арнайы ақшалай сертификаттарымен марапатталды.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы