КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАЙҚАУДА БАҚ СЫНАДЫ
Әлеуметтік іс-шараларының аясында жуырда Маңғыстау облысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында байқау өткізілді.
Шараның ашылу салтанатына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Байымбетова Тәрбия Анайбекқызы қатысты. Әлеуметтік әріптес ретінде құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы педагогтарға сәттілік тіледі.
Жиынға облыстық білім басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес ұйымдар, серіктес мекемелер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері, облыстық кәсіби шеберлік конкурсының ұйымдастыру комитеті, сарапшылар, кәсіподақ ұйымы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтарын анықтау, қолдау, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілетін атаулы конкурсқа 11 саладан 31 құзыреттілік бойынша 155 арнайы, жалпы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысады.
70 - тен астам сарапшы, ЖОО оқытушылары, мектеп мұғалімдері, өндірістен шыққан тәлімгерлер қатысушылардың жұмысын бағалайтын болады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасындағы доданың облыстық кезеңі 2 модулдік бөлімнен тұрады. Теориялық және практикалық модуль.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ