«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: АҚТАУДА КӘСІПОДАҚ АКЦИЯНЫ ҚОЛДАДЫ
Балалар жылы аясында мектепке жол акциясы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен республикалық деңгейде өтіп жатыр.
«Мектепке жол» акциясы Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы атынан жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Бұл шараның негізгі мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке дайындауға бағытталған.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалы да осы акция шеңберінде 100 баланы қамтып, оқу-құрал кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетті.
Шараға қатысушылар кәсіподақ ұйымы атына өз ризашылықтарын білдірді.
Еліміздің ертеңі жас ұрпақтарымыздың болашағы жарқын болсын!
К.Енсегенова,
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық кәсіподақ филиалының төрайымы.