«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖАЛҒАСУДА
2022 жылдың тамыз айында Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының СҚО ұйымы тарапынан «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен қайырымдылық шарасы өткізілді.Шараға облыстың барлық білім беру ұйымдары қатысты.
558 білім беру ұйымынан көпбалалы және материалдық жағдайлары төмен кәсіподақ ұйымының мүшелері анықталып, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі және аудандық, қалалық комитеттері филиалдары тарапынан оларға қайырымдылық көмек көрсетіліп - 1500 ден астам баланың мектепкедайындалуына қаржы бөлінді.
Петропавл қаласы және аудан ұстаздары және көмек алып отырған жанұялар, қайырымдылық көмек қолын созып, үнемі қолдау мен қамқорлық танытып отырған,Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымына оның аудандық филиалдарына үлкен алғыстарын білдірді.