«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ЖЕЗҚАЗҒАН АЙМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҒЫ НАУҚАНҒА ҮН ҚОСТЫ
Балалар жылында «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатқан республикалық науқанына Жезқазған аймақтық кәсіподағы мен оның филиалдары да үн қосты. Кәсіподақ мүшелерінің ауыртпалығын бірге көтеруді парыз санайтын Жезқазған аймақтық кәсіподағы көп балалы, аз қаматамасыз етілген, асыраушысынан айрылған, жалғызбасты ата-ана санатындағы 294 отбасыға балаларын жаңа оқу жылына дайындауға қаржылай көмек көрсетті.
Атап айтар болсақ, Марат Қоңырбаев төрағалық ететін аймақтық кәсіподақ 41 балаға демеушілік жасаса, Қаражал қалалық кәсіподақ ұйымы 51 шәкірттің, Сәтбаев қалалық кәсіподақ ұйымы 31 оқушының, Жезқазған қалалық кәсіподақ ұйымы 45 өреннің, Балқаш қалалық кәсіподақ ұйымы 30 баланың, Ұлытау мен Ақтоғай ауданының кәсіподақ көшбасшылары 20 балдырғанның, Шет аудандық кәсіподақ ұйымы 30 жасөспірімнің, Жаңаарқа ауданының кәсіподақ ұйымы 46 балғынның киім-кешегі мен оқу-құралдарын түгендеуге жәрдемдесті.

Кәсіподақтың қолдауын сезініп, бергенін аз да болса көптей көрген кәсіподақ мүшелері жер-жердегі кәсіподақ ұйымдарына ризашылықтарын білдіруді де ұмытпады. Біз үшін кәсіподақ мүшелерінің алғысынан артық абырой жоқ.
Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген тәмсіл бар. Қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға жүрек жылуын, жан жылуын сыйлау – ардың ісі. Ендеше, жақсылық жасап жарысайық!
«Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі