«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: АТЫРАУДА КӘСІПОДАҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі республикалық «Бар мейірім – балаға» атты ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық шарасында төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырды:
Білім беру басқармасының ұсынысына орай, облыстық ұйым бюджеті есебінен әлеуметтік қолдауға мұқтаж 2 отбасының 6 баласына мектеп формалары мен оқу құралдары сатып алынып берілді. Сондай-ақ, ұйымның Атырау қалалық филиалы 40 балаға қаржылай көмек берді.
Бүгінде қайырымдылық шарасы басқа аудандық филиалдар мен бастауыш ұйымдарында да жалғасын тауып, Жылыой ауданында 66 оқушыға, Исатай ауданында 20 оқушыға, Қызылқоға – 20 оқушыға, Индер – 23 оқушыға, Мақат – 2 оқушыға қаржылай көмек көрсетті.
Облыс бойынша барлығы 177 жасөспірімге мектеп оқулықтары мен киім-кешектері алынып берілді.