«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ МЫҢНАН АСТАМ БАЛАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мүшелік ұйымдарымен бірлесе отырып, 1052 сала қызметкерінің балғындарын республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті.
Басты мақсат - болашақ ұрпақтың білімді, денсаулығы мықты азамат болып өсуіне ынтымақтастықпен атсалысу. Жаңа оқу жылына дайындық уақытында әлеуметтік жағдайына қарай отбасыларға қолдау көрсету.
Қазіргі уақытта облыс бойынша Арал, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша үйлестіру жұмыстары аяқталуға жақын. Апта соңына дейін Қызылорда қаласы мен Қазалы аудандарында өткізілетін болады. Сонымен қатар акция барлық облыстық мекемелерде,яғни колледж, интернат, оңалту орталықтарында ұйымдастырылып жатыр.
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты, балалардың зейіндері зерек, ойлары ұшқыр, денсаулықтары мықты болсын!