«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»:КӘСІПОДАҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
«Бар мейірім – балаға» атты ұранымен кеңінен қанат жайған «Мектепке жол» қайырымдылық шарасына «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі белсенді қатысуда.
Бұл мақсатта жергілікті жерлердегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан түскен ұсыныстарға сәйкес ұйымдастыру шарасы басталып та кетті.
Атап айтқанда, облыстық ұйым бюджеті есебінен әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп формаларын алып беру үшін 2 отбасыға 210 (екі жүз он мың) теңгенің сертификаты табыс етілді. Сондай-ақ, ұйымның Атырау қалалық филиалы 40 балаға 1миллион 400 ( бір миллион төрт жүз) мың теңге көлемінде қаржылай көмек беруді жоспарлап отыр. Бүгінде қайырымдылық шарасы басқа филиалдар мен бастауыш ұйымдарында да жалғасын табуда.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ