МАҢҒЫСТАУЛЫҚ БҮЛДІРШІНДЕР «БАЛДӘУРЕН» ЛАГЕРІНДЕ
Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының бастамасымен облыстың аудандары мен қалаларының білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ құрамындағы қызметкерлердің балалары үшін жергілікті «Балдәурен» балалар лагеріне демалды. Жазғы демалыспен облыстан барлығы 100 бала қамтылды.
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы «Балалар жылына» орай кәсіподақ ұйымындағы қызметкерлердің балаларын тегін жолдамамен қамтамасыз етіп,кәсіподақ тарапынан қолдау көрсеттті.
Жазгы лагерге қала мектептерінен әр кезеңге балалар бөлінді.Лагерде барлық жағдай жасақталған,топтарға бөлініп,топтар арасында түрлі танымдық, интекллектуалды жарыстар өткізіліп, кешкілікойын сауықтар, спорттық шаралар ұйымдастырылған.Сонымен бірге Ақтау қаласына келіп,Ә.Кекілбаев атындағы тарихи өлкетану мұражайы мен Аққала кинотеатырына серуендеді.
Балалар үшін барлық жағдай, бос уақытының өзіне де жоспарлы жұмыс түрлері өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Сонымен қатар ата-анамен тәрбиешілердің арасындағы қарым-қатынас та,іс-шараға қатысып белсенділік танытқан балаларды марапатталып отырған.
Демалыс соңында бір-бірін қимай қоштасып,лагерьде өткізген күндеріне дән-риза болды. Ата-аналар атынан әлеуметтік жағдайымызды ескеріп,тегін жолдамамен қамтамасыз етіп қолдау көрсеткен қалалық кәсіподақ ұйымдарына және «Балдәурен»лагерінің барлық ұжымына алғыс білдіреміз.
Раушан Бекова,
Ақтау қаласы, №13 гимназия мұғалімі.