ЕҢБЕК ҰЖЫМЫ ТАБИҒАТ АЯСЫНДА
Орал қаласындағы Круглоозерное жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы «Алаш» демалыс базасында еңбек ұжымы үшін демалыс шарасын ұйымдастырды.
Табиғат аясындағы түрлі сайыстар мен спорттық жарыстар ұжым үшін өте қызықты демалыс болды.
«Бастауыш кәсіподақ ұйымы — жергілікті жердегі қызметті ұйымдастырушы, қарапайым қызметкерлер мен жұмыскерлердің жанашыры, халық қызметшісі болғандықтан, мектептегі іс-шараларды ұйымдастыруға ат салысады. Кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесінде ұжымның рөлі ерекше. Әрбір кәсіподақ ұйымы мүшесінің жұмысы біз үшін қымбат, біз үшін құнды» - дейді Круглоозерное жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Рая Шоқанаева.
– Кез келген ұжымда ұйымшылдық маңызды екені анық. Егер қызметкерлердің арасында өзара сыйластық пен татулық болмаса, атқарып жатқан жұмыс кері кетеді. Сол себепті ұжымның ауызбіршілігін әрқашан қадағалап, олардың еңбекке деген ынтасын арттырған жөн. Осы орайда кәсіподақ ұйымы ұжымның ұйытқысына айналып отыр десек артық айтқандық емес. Сондықтан да кәсіподақ мүшелерін алып, табиғат аясында демалыс күндерін өткізуді жөн көрдік және бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметін жандандырып, мәртебесін көтеру мақсатында атқарылатын жұмыстар мұнымен бітпейді,- дейді кәсіподақ жетекшісі.
Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымы қалалық, облыстық олимпиада жеңімпаздарын да марапаттап, ынталандыру сыйлықтарын табыстап тұрады.