БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАЛАРҒА
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Балалар жылын қолдау мақсатында құрылған Жезқазған аймақтық кәсіподағының желілік кестесіне сәйкес Балқаш қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Әсем Айтжанова жақсылық аралына сапар ұйымдастырды.
Балқаш көлінің солтүстігінде орналасқан Бертіс түбегін кемемен шарлаған кәсіподақ мүшелерінің 75 балғыны табиғат сұлулығына тамсанып, таң-тамаша болды. Сонымен бірге шат-шадыман көңілге бөлеген айдындағы саяхат барысында балалардың қуанышын еселеуді мақсат тұтқан ұйымдастырушылар тәтті сыйлықтар үлестірді.
Бауыр еті балаларының бал-бұл жанған жүзін көріп, сапардан алған ұмытылмас әсерлерін естіген ата-аналар қауымы кәсіподақ тартуына разы болысып, Әсем Бекенқызы бастаған ұжымға алғысын жаудыруда.
Біз үшін өмірдің мәні мен сәні болған жас ұрпақты қуантудан артық бақыт жоқ!