ЖЕМІСТІ ЕҢБЕККЕ - ЖОҒАРЫ МАРАПАТ
Күміс қоңырауды сыңғырлатқан 25 мамыр ұстаздар қауымы үшін өткенге есеп беріп, болашаққа жаңа міндеттер қоятын маңызды кезең. Жыл бойы шәкіртін білім нәрімен сусындатып, тәлімді тәрбие бере жүріп, шығармашылығын шыңдаған, кәсіби біліктілігін арттырған, ізденген, жаңашылдыққа ұмтылған білім саласы қызметкерлерін Сәтбаев қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнар Ілиясова қабылдады.
Сән-салтанаты жарасқан жылы жүздесуде Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы Берик Акишбеков те бой көрсетті. Әуезді ән, әсем бимен айшықталып, сахна төрінде алғыс айтылған мерекелік кезлесуде еткен еңбектің, төгілген тердің лайықты бағасы берілді. Кәсіподақ көшбасшысы мен кеншілер қаласының бас педагогі бала жанының бағбандарына кәсіподақ тарапынан тағайындалатын Айгүл Мұқашева төрағалық ететін Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Құрмет грамотасын, "Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" белгісін, сондай-ақ Жезқазған аймақтық кәсіподақ төрағасы Марат Қоңырбаевтың Құрмет грамотасы мен Сәтбаев қалалық кәсіподақ ұйымының Құрметі мен Алғыс хатын табыстады. Марапат төрінен табылған кәсіподақ белсенділері - ұстаз деген қасиетке кір келтірмей, ардың туын биік ұстап, шәкіртін білім шыңына бастай алған.
«Тәрбиесіз берген білім нәтижесіз болады» деген қағиданы бағдаршамы етіп, тәрбие мен білім беру ісін таразының басындай тең ұстап, білім көшін алға сүйреген сәтбайлық әріптестерді марапаттарымен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылында жаңа леп, жақсы көзқарас, тың серпінмен қауышайық!!! Еңбек демалыстарыңыз мәнді де сәнді өткей...