БӨБЕКЖАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Ағымдағы жылдың 23 - 24 мамыр күндері Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы, Орал қалалық комитеті – филиалының төрағасы Т.Темешев және маман А.Тәутенова №7 «Айналайын», №33 «Орленок» бөбекжайларында болып, ұжыммен кездесті. Жиналысты балабақша меңгерушілері ашып,Кәсіподақ жұмысы туралы қысқаша баяндады.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы, Орал қалалық комитеті – филиалының төрағасы Төлеген Темешев - кәсіподақ- еңбек адамының мұң- мұқтажын, мақсат-мүддесін қорғайтын пәрменді ұйым және еңбек құқығының бұзылмауын қадағалау, педагогтарға әлеуметтік- экономикалық қолдау көрсету, ұжымдағы еңбек дауларын оңтайлы шешу– кәсіподақ ұйымдарына жүктелген маңызды міндеттердің бірі екенін айтты.
Қалалық кәсіподақ маманы А.Тәутенова - ұжымдарда еңбек даулары, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара түсініспеушілік жиі орын алып отыратындығын және туындаған мәселелердің түйіні көбінесе әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің негізінде шешіліп жатқанын түсіндірді.
Кәсіподақ өкілдері жиынға қатысушылардың кәсіподақтың жұмысы және еңбек қатынастарына байланысты қатысты көптеген сұрақтарына жауап берді.