САЯСИ ШАРАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ
Ағымдағы жылдың 19 – 20 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумға қатысудың маңыздылығына байланысты еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Орал қалалық комитеті – aилиалының төрағасы Т.Темешев пен маман А.Таутенова Орал қалалық №1, №27, №33 жалпы орта білім беретін мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұжымымен кездесті.
Кәсіподақ өкілдерінің мектеп қызметкерлерімен кездесуінде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, барлық ұжым мүшелері маңызды саяси шара - референдумға белсенді қатысуға шақырылды.
Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуымен тұспа - тұс келген кездесу шарасында, жыл қорытындысы бойынша белсенді кәсіподақ мүшелері Құрмет грамоталарымен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.