МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ АЙТЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Қазақстан Республикасы Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізудің жүйелік кестесіне сәйкес, Ата Заңға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдумға қатысудың маңыздылығы мен еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының аппарат қызметкері Қаратөбе аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының Шалғын ауылының негізгі және Қоскөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұжымымен кездесті.
Кездесуге Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округі әкімінің м.а. Бейбіт Жұмақаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Ғарапшиев және Қаратөбе аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының төрағасы Нұрбек Зейнуллин қатысты.
Алдымен, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитеті қаулысына сәйкес, Шалғын ауылында болған төтенше жағдай (су тасқыны) кезінде зардап шеккен кәсіподақ мүшелеріне Орталық комитеттің қолдауымен барлық облыстардан түскен көмек ретінде жіберілген 5 млн. 300 мың теңгенің 3 млн. 300 мың теңгесі материалдық көмек ретінде таратылып берілді.
Сонымен қатар, кәсіподақ өкілдері Шалғын және Қоскөл ауылдарының мектеп қызметкерлерімен кездесуде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, барлық ұжымды референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Ал, 2022 жылдың 17 мамыр күні Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылындағы су тасқыны кезінде үйлері суға кетіп, зардап шеккен кәсіподақ мүшелеріне де жоғарыда аталған көмек ретінде жіберілген қаржының 2 миллионы 12 отбасына табысталып, Жақсыбай ауылының М.Ихсанов атындағы балабақша - бөбекжай мектеп кешенінің ұжымымен де кездесу өткізілді. Оған Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің басшысы Багида Сарбалина, Жәнібек аудандық кәсіподақ комитеті– Филиалының төрайымы Аққу Нургалиева қатысты.
Облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев – Салалық кәсіподақтың Орталық Комитетінің төрайымы Айгүл Мукашева және кәсіподақтың облыстық ұйымдарының төрағаларына Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Жәнібек аудандарында болған су тасқынынан зардап шеккен білім саласының қызметкерлеріне көмек қолдарын созып, қолдау білдіргендері үшін өз атынан алғысын жеткізді.
Іссапар кезіндегі кездесулерде Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам болып табылатын референдумды қолдаудың маңыздылығы мен Қазақстан Республикасының Конституциясын еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізуде.