МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕДЕГІ КӘСІПОДАҚ ҚОЛДАУЫ
«Балалар жылы» аясында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №29 балабақшасының 45-жылдық мерейтойы аталып өтті.
Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде екендігі белгілі.
Балабақшадағы еңбек қызметкерлерінің еңбектері ұшан-теңіз. Былдырлап келген баланы адами құндылықта тәрбиелеу баспалдағы балабақшадан басталып, жоғары топқа жеткенде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың сансыз еңбегін атап өткім келеді.
Балабақшадағы қызметкерлердің ауызбірлігі мен бір-біріне деген қарым-қатынасы жоғары деңгейде. Ақтау қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Еңсегенова құттықтау сөзін жеткізді.
Балабақша ұжымын бүгінде кәсіподақ қозғалысының дамуына өз үлесін қосып жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымының бірі екендігін атай келе, белсенді еңбек қызметкерлерін облыстық кәсіподақ ұйымы мен қалалық кәсіподақ ұйымы атынан «Құрмет грамотасы» және сыйақымен марапаттады.
Сөз соңында қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, ұжымға толағай табыстар тіледі.
Ж.Карағұлова,
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №29 балабақшасының бастауыш кәсіподақ
ұйымының төрайымы
-
Фотографии
-