БӨБЕКЖАЙ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы, Орал қалалық комитеті – филиалының төрағасы Төлеген Темешев және маман А.Таутенова №27 «Жігер» бөбекжайында болып, ұжыммен кездесті.
Ұжымда 68 қызметкер жұмыс істейді. Жиналысты балабақша меңгерушісі Сәуле Чабарова ашты. Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы, Орал қалалық комитеті – филиалының төрағасы Төлеген Темешев сөз сөйлеп, ҚР заңнамаларында болып жатқан өзгерістермен таныстырды. Бөбекжай ұжымына әлеуметтік - еңбек қатынастары туралы ақпаратпен бөлісіп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қалалық кәсіподақ маманы А.Таутенова кәсіподақ мүшелерінің құқықтық қорғалуы, олардың әлеуметтік тұрғыдан лайықты қамтамасыз етілуі және еңбек дауларының алдын алу мен оларды шешудегі кәсіподақтардың жұмысына тоқталды.
Қызметкерлер кәсіподақтың жұмысы және еңбек қатынастарына қатысты көптеген сұрақтар қойып, толыққанды жауаптарын алды.
-
Фотографии
-