БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ
Жуырда Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған Маңғыстау облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының кәсіподақ қызметкерлерінің есеп беру жиналысы өтті. Жиналысқа облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Байымбетова қатысты.
Жиналыстың 1 мәселесі бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Өмірбаева есеп берді.
Жиналыстың 2 кезеңінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталарымен төмендегі мектеп қызметкерлері марапатталды: Жарасова Айгүл Айсанқызы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Алиева Вусала Ильгаровна – орыс тілі пәнінің мұғалімі, Сергеева Жанна Сергеевна – информатика пәнінің мұғалімі, Жолдықара Серік Қарасайұлы – технология пәнінің мұғалімі, Тілесова Эльмира Жаңалыққызы – интернат тәрбиешісі.
Сонымен қатар мерейлі 50 және 60 жасқа толған Г.Өрісбаева, А.Ходжабаева, К.Бегжұмаева, Ж.Ниязбаеваға кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табысталды.
Жиналыс барысында кәсіподақ мүшелері облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Байымбетова Тәрбия Анайбекқызына көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.
Қызметкерлер тарапынан қойылан сұрақтардың дені жалақы, жазғы демалыс, оқу жүктемесі, сабақ кестесі, мереке күндеріндегі жалақының төленуі, әкімшілік жазалау т.б. жөнінде болды. Жиналыс соңында ұжым өз ұсыныс, пікірлерін айтып, бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметіне оң баға беріп, ризашылықпен тарқасты.
Б.Өмірбаева,
Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған Маңғыстау облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.