ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР
Балалар жылына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және Жеңіс күніне орай Қарағанды облысында оқушылар мен мұғалімдер арасында жеңіл атлетикадан этафета өтті. Мерекелік шараға ардагер ұстаздар мен білім қызметкерлері арнайы шақырылды. Эстафетаға қатысушыларға Нұра ауданы әкімінің орынбасары К.Шабанбаев құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Нұра ауданы білім бөлімінің басшысы С.А.Мұқанова мереке қарсаңында білім саласындағы ерен еңбегі мен жоғары кәсібилік пен өз ісінде шығармашылық табыстарға жеткен мұғалімдер - Нұра ауданы білім бөлімінің әдіскері Жанболат Имашевқа, Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі Бердікей Жарқынға, Нұра орта мектебінің мұғалімі Мұрат Ағзамовқа, Мұташ Сүлейменов мектебінің мұғалімі Саят Оспановқа білім бөлімінің, кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары мен сыйлықтарын табыстады.
Жалпы эстафета 10 кезеңнен тұрды. Оған аудандағы 19 мектеп қатысып, төмендегі білім ұйымдары жүлделі орындарды иеленді:
I орын – Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ мектебінің ұжымы;
II орын – Караой ЖББ мектебінің ұжымы;
III орын – К.Мыңбаев ЖББ мектебінің ұжымы;
IV-орын- Талжанов атындағы ЖББ мектебінің ұжымы;
V орын - М.Сүлейменов атындағы ЖББ мектебінің ұжымы.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Нұра ауданының кәсіподақ ұйымының Грамоталарымен, медальдарымен және қаржылай сыйақыларымен марапатталды.
Нұра ауданының білім қызметкерлерінің
кәсіподақ ұйымы.
Қарағанды облысы.