ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
2022 жылдың 5 мамыр күні Қарағанды облысының Ақжол ауылындағы Әлібек Бүркітбаев атындағы ЖББ №12 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай мектептің кәсіподақ мүшелері арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Жарысқа мектептен 4 команда «Бастауыш сынып пәндер бірлестігі» командасы, «Гуманитарлық пәндер бірлестігі» командасы, «Политехникалық пәндер бірлестігі» командасы, «Кіші қамту қызметкерлері» командалары қатысып, тартымды ойын көрсетті.
Ойын өте тартысты, қызықты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды гуманитарлық пәндер бірлестігі командасы, ІІ орынды политехникалық пәндер бірлестігі командасы, ІІІ орынды бастауыш сынып пәндер бірлестігі командасы иеленді.
Жарысқа арнайы Қарқаралы аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Азамат Секербайұлы, білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Қайрат Жолжақсыұлы арнайы қатыстып, жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтып, жақсы ойын көрсеткен кіші қамту қызметкерлері командасын және І, ІІ, ІІІ орын иеленген командаларды Грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Ойын нәтижесінде үздік ойын көрсеткен қосымша білім беру педагогы Қайрақ Қалиұлы мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжазира Қайырбекқызына «Үздік ойыншы» номинациялары табысталды.
Мереке қарсаңында Қарқаралы аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Азамат Секербайұлы мектептің белсенді кәсіподақ мүшелері Орал Абылқайырұлы мен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Мерген Нұрғабденұлына Қарқаралы аудандық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасы» мен ақшалай сыйақысын табыстады.
Осындай іс-шараға қатысып, қолдау жасаған Қарқаралы аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Азамат Секербайұлына, білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Қайрат Жолжақсыұлына алғысымызды білдіреміз.
Т.Жағманова,
Ақжол ауылындағы Әлібек Бүркітбаев атындағы ЖББ №12 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Қарағанды облысы.