«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ»
Осындай атаумен 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен «Ақжайық» музыка мектебінде есеп беру концерті өтті.
Концертке Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы, сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Жандос Шайдуллаұлы, “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Қайсарбайқызы, Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы мен ата-аналар қатысты.
Мәдени шара барысында кеш қонақтары «Шеберлер ауылы» қолөнер алаңында зияткер оқушылардың өздері жасаған қолөнер бұйымдары мен көркемсуреттерімен танысты.
Мерекелік іс-шара соңында Жандос Шайдуллаұлы мектеп ұжымын, ата-аналарды, оқушылар мен кеш қонақтарын Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен құттықтады. Мектеп оқушыларына жаңа буын жас ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан, батырлық пен батылдықтан үлгі алып, өз білімдері мен қабілеттерін шыңдауда сәттілік тіледі.
-
Фотографии
-