КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕ
Кеше, яғни ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні Махамбет аудандық Білім бөлімінің басшысы болып Атырау облысы Білім беру басқармасының конкурстық комиссия отырысының қорытынды шешімімен Қабышева Венера Берікқызы тағайындалды. Ол еңбек жолын Жалғансай орта мектебінде физика және еңбек пәндері мұғалімдігінен бастаған еді. Сол уақытта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдылығына сайланып, оны абыроймен атқарды.
2010 жылы Махамбет аудандық Білім беру бөліміне әдіскерлікке шақырылып, кейін Әдістемелік кабинет меңгерушісі қызметіне жоғарлатылды және осы тағайындауға дейін атқарды. 2020 жылдың 30 тамызы күні өткен аудандық білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподақтары конференциясында бірауыздан «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Махамбет аудандық комитеті филиалының төрайымдылығына сайланды.
В.Б. Қабышева бұл қоғамдық қызметте үлкен жауапкершілік танытып, ауданның кәсіподақ ұйымының жұмысын жоғары дәрежеге жеткізді. Білім беру мекемелеріндегі кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғауда және оларды жан-жақты әлеуметтік қолдауда, ұйым жұмысының беделін арттыруда көптеген жаңа шаралардың бастамашысы болды.
Құрметті Венера Берікққызы! Сізге жаңа лауазымдық қызметіңізде шығармашылық табыс, зор денсаулық тілейміз.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерелерінің кәсіптік одағы» ҚБ