ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Әлеуметтік әріптестік жылы аясында Маңғыстау Аумақтық кәсіподақтар орталығы Ақтау қаласының №2 сотының оқу орталығымен бірге Дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел тақырыбы: «Еңбек дауы бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану, Дауды медиация және партисипативтік рәсімімен реттеу туралы келісім бойынша туындайтын өзекті мәселелер».
Дөңгелек үстел жұмысын Ақтау қаласының №2 сотының төрағасы Рахымжан Бейсенов ашты. Еңбек дауы бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Дуния-Зада Кеншімова мен Дауды медиация және партисипативтік рәсімімен реттеу туралы келісімге келу барысында туындайтын сұрақтар және ұсынымдар жөнінде судья Анар Толықбаева түсіндірме берді.
«Дауларды бітіммен шешу тетіктері және ұсынымдары» туралы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Тәрбия Байымбетова баяндады.
«Еңбек даулары бойынша жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы мәселелер және оның шешу жолдары» жөнінде Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Мерей Мажитов айтып өтті. «Еңбек дауы бойынша татуластыру рәсімдерін қолданудың негіздері, жұмыс беруші тарапының ұсынымдары, оның шешу жолдары» тақырыбында «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы ұйымының өкілі Мұрат Бимағамбетов сөйледі.
Шара соңында облыстың білім саласындағы кәсіподақ ұйымының ұжымдық шарттарды жасақтау барысында қосымша толықтырулар мен өзгерістерді енгізу, Келісу комиссиясының дауларды шешу, реттеу қызметі, өзге де сала кәсіподақ ұйымдарына үлгі боларлық іс-шаралары туралы сөз болды. Дөңгелек үстел талқылау мен пікір алмасуға ұласып. отырыс қорытындыланды.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-