ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнар Есқалиеваның қатысуымен Қармақшы ауданында сала қызметкерлерімен кездесу болып өтті.
Гүлнар Есқалиева еңбек туралы заңнамалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасау арқылы облыстық ұйым, қалалық, аудандық филиалдар білім саласы қызметкерлерінің сенімінен шығып, жүктелген міндетті өз дәрежесінде атқарып, түйткілді мәселелерді ортақ келісімге келу арқылы оңтайлы шешіп жатқандығын айтты. Және де бірлескен жұмыстары үшін бастауыш кәсіподақ төрағаларына алғысын білдірді. Қызметтік іс-сапар барысындағы қоғамдық қабылдауға келген сала қызметкерлерінің сұрақтары мен ұсыныстарына тоқталып, алдағы уақытта барлық қабылданған өтініштер бойынша "Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі», ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңы, Еңбек шарттары негізінде олқылықтар орнын реттеуге жұмыс жасалатынын жеткізді.
Әрі қарай төрайым орынбасары Нүргүл Өтегенова, ұйым заңгерлері Хамит Тарбақов пен Ербол Жұбатханов және есеп бөлімі бойынша Марал Туребаева Қармақшы ауданы орталықтары мен шеткі аймақтардағы орта мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын аралады.
Еңбеккерлердің басым бөлігі айлық жалақыларының есептелуіндегі заңдылықтар жайында, «Алтын алқа», «Күміс алқа», мүгедектігі бар жандарға қарастырылған жеңілдіктер, орта мектепте жұмыс жасап, магистратура оқып жатқан әріптестерімізден екі жақты міндетті медициналық сақтандыру пайызының ұсталатындағы жөнінде сұрақтарын ортаға салды.
Бұдан бөлек мектеп басшылары мен орынбасарларын ротациялау, мемлекеттік аттестация, оқулықтардағы жіберілген қателіктер бойынша көптеген ұсыныстарын білдірді. Барлық сұрақтарға ұйым заңгерлері жан-жақты жауап берді.
Қызылорда облыстық білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы