БІРІККЕН КОМИТЕТ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС
Жамбыл облысының білім басқармасы мен Жергілікті білім және ғылым салалық кәсіподағының бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес Кәсіподақтың Біріккен комитетіне мүше болып табылатын мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен бастауыш кәсіподақ жетекшілерінің қатысуымен кеңейтілген семинар-кеңес өтті.
Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың мәжіліс залында өткен жиында еңбек және салалық заңдылықтардағы өзгерістерді түсіндіру мен облыстық білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақтың облыстық ұйымы арасында 2021-2023 жылдарға қабылданған әлеуметтік әріптестік актісі және оған енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды насихаттау, тәжірибеде қолдану сұрақтары талқыланды.
Күн тәртібіне сәйкес сала өкілдері-кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауатын арттыру, саладағы түйткілдерді шешудің құқықтық әдіс-тәсілдерін меңгерту сұрақтары бойынша Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков пен Кәсіподақтың құқықтық қызмет басшысы Берік Баймағамбетов, Біріккен комитет төрағасы Жанболат Орынбеков дәріс өткізді.
Семинар-кеңес соңында мекеме басшылары тарапынан саладағы еңбек қатынастарына байланысты біраз түйткілдер мен сауалдарға жауап берілді, ал зерделеуді қажет ететін сұрақтарға жазбаша немесе «Еңбекші» газетінің алдағы санында түсіндірме жауаптар берілетін болып келісілді.
«Жамбыл облысының білім және ғылым
қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ
баспасөз қызметі
-
Фотографии
-