СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР МҰНАЙШЫ АУЫЛЫНДА
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылының №7 жалпы білім беретін мектебінде Ұлыстың ұлы күніне байланысты ұстаздар, кіші қызметкерлер, балабақша ұстаздары арасында спорттық шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты: ұстаздар мен мектептің кіші қызметкерлері арасында бірлік, ынтымақтастық және салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық дәстүірімізді жандандыру.
Волейбол жарысында: I-орынға ие болған «Көктем» тобының ұстаздары; II-орынға ие болған «Балабақша» қыздар тобы; III - орынға ие болған кіші қызметкерлердің «Қыздар» тобы марапатталды.
Сонымен қатар «Көңілді эстафета» жарысында: I-орынмен «Сұңқар» кіші қызметкерлер тобы; II- орынмен «Балауса» қыздар тобы; III-орынмен «Талаптылар» жігіттер мен қыздар тобы марапатталды.
Мерекенің соңында ерлер мен әйелдер арасында Кір тасын көтеру, Табан тірес, Арқан тартыс, Қол күресі өтті.
Жарысқа қатысушылар ризашылықпен тарқасты.
К.Жұмаева,
Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылының №7 жалпы білім беретін мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Маңғыстау облысы.